Елордада ашық аспан астында йога сабағы өтеді
Йога бойынша танымал шеберлер Сұңғат Ысқақов пен Ольга Васильева елорда тұрғындары үшін йога сабағын өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.
Йога-сабағы 25-ші қыркүйек күні сағат 12:00-де Триатлон парк аумағында ашық аспан астында өтеді.
Йогаға барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Сабақ аяқталғаннан кейін йога-сабаққа қатысушылар арасында «Қолжетімді спорт» жобасы серіктестерінен сыйлықтар ойнатылады. Бас жүлде - Түркияның «LSA» компаниясының жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшыларынан бір аптаға ыстық Анталияға екі адамға жолдама
Айта кетейік, қатысушы алдын ала тіркелу қажет. Сондай-ақ өзімен бірге йога кілемшесін алып, ыңғайлы спорттық киімде болған жөн.
Әр қатысушы ұйымдастырушылардан футболка, қатысқаны туралы Сертификат және ұтыс ойынына қатысу мүмкіндігін алады.