00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық полицей халықаралық турнирде бірінші орынды иеленді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық полицей халықаралық турнирде бірінші орынды иеленді

Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы Польшаның Гливице қаласында өткен халықаралық турнирде бақ сынады, деп хабарлады Elorda.info.

Еліміздің намысын ең үздік 12 спортшы қорғап, Қазақстан құрамасына 11 жүлде әкелді.

Олардың арасында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Байқоңыр аудандық ПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Ләззат Күнгейбаева да бар. Ол 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленді.

Спортшы өзінің алғашқы алтынын 2010 жылы Қазақстан чемпионатында алып, содан бері сүйікті спорт түрімен айналысуды тоқтатпай, он дүркін чемпион атағына қол жеткізді.

Сонымен қатар, Ләззат Күнгейбаева Азия чемпионатының екі дүркін финалисі және 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 2016 жылғы әлем чемпионы.