Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Әзербайжан құрамасына қарсы жолдастық кездесуге шақырылған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Оқу-жаттығу жиыны бүгін, 12 қыркүйекте Ақтауда басталды. Қазақстан құрамасы жаттығу жиыны аясында Әзербайжанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді. Екі кездесу де «Халық Арена» спорт кешенінде өтеді.
Футзалдан Қазақстан құрамасы:
Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де – «Қайрат»), Ақжол Қайратұлы («Каспий»);
Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Эдсон (барлығы – Қайрат), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Арнольд Кнауб, Райымбек Жұма, Джахангир Рашит (барлығы – «Каспий») , Азат Валиуллин, Әбдірасул Әбдіманапұлы (екеуі де – «Аят»), Евгений Кошкин («Астана»);
Жаттықтырушылар құрамы: Рикардо Кака – бас бапкер.
Ойын кестесі:
19 қыркүйек
Қазақстан – Әзербайжан
20 қыркүйек
Қазақстан – Әзербайжан
Матчтар басталатын уақыт кейінірек анықталады.