00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президент Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атануымен құттықтады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атануымен құттықтады

Президент әлемдік деңгейде шаршы алаң шебері атанған боксшыларымыз аз емес екенін, Қазақстан бокс мектебінің абыройын асқақтатуға Жәнібек Әлімханұлының да зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO-ның толыққанды әлем чемпионы атанды

Қажырлы еңбегіңіз бен мұқалмас ерік-жігеріңіздің арқасында қазақтың бокс стилінің үстемдігін тағы бір рет паш еттіңіз. Бұл айтулы жетістігіңіз жас өрендеріміздің спортқа, әсіресе боксқа деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Үлкен спорттағы әр қадамыңыз – олар үшін үлгі-өнеге. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, спортта толағай табыстар тілеймін! – деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау жеделхатында.