Футболдан UEFA Суперкубогының иегері анықталды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Финляндия астанасында өткен финалда "корольдік" клуб Германияның "Айнтрахтын" негізгі уақытта 2:0 есебімен ұтты. "Бланкос" сапында Давид Алаба 37 минутта есеп ашса, үзілістен кейін Карим Бензема (65 минут) испаниялықтардың екінші голын салды.
Осылайша 120 жылдық тарихы бар Мадридтің "Реалы" өз тарихында аталмыш кубокты бесінші рет иеленіп отыр. Осыған дейін 2002, 2014, 2016, 2017 жылдары жеңген болатын.
Енді Карло Анчелотти ойыншылары Испания біріншілігіне дайындалады. Ла Лиганың алғашқы туры 15 тамыз күні "Альмерия" клубына қарсы өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 14:45
Астанада үстел теннисінен алғаш рет Азия чемпионаты өтеді
Бүгін, 13:51
Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар анықталды
Бүгін, 11:38
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды