00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бүгін футболдан UEFA Суперкубогы өтеді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бүгін футболдан UEFA Суперкубогы өтеді

Ойын 10-ынан 11 тамызға қараған күні елорда уақытымен 01.00-де Финляндия астанасы Хельсинки қаласындағы «Олимпийский» стадионында өтеді. Кездесу Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Былтыр «Реал Мадрид» Ла лигада чемпион атанды. Одан кейін UEFA Чемпиондар лигасы финалында Англияның «Ливерпуль» командасын (1:0) сүріндірді.

Ал «Айнтрахт» бундеслигада небәрі 11-орында тұрақтады. Ал Еуропа лигасы финалында Шотландияның «Рейнджерс» (1:1, 5:4, пенальтиден) командасынан басым түсті.

UEFA Суперкубогының бастау алғанына биыл тура жарты ғасыр толып отыр. Қазірге дейін «Реал Мадрид» аталған турнирде жеті мәрте бақ сынады. Оның 4-інде жеңімпаз атанса, 3-еуінде қарсыласына есе жіберді. Ал «Айнтрахт» аталған турнирге тұңғыш рет қатыспақшы.