00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық спортшы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының финалына шықты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық спортшы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық биіктікке секіруде 2,08 метрді бағындырды. Финал 5 тамыз күні таңертеңге сағат 4:10-да басталады. Медальдар үшін 12 атлет таласатын болады: олардың тоғызы 2,08 метрді еңсерді, қалған үшеуінің нәтижесі – 2,04 метр. Сондай-ақ 3 тамыз сағат 20:45-те квалификацияда Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру), 4 тамызда сағат 22:05-те Ақбаян Нұрмамет (1,5 метрге жүгіру) өнер көрсетеді. Ал Ясмина Тоқсанбаева (10 мың метрге спорттық жүріс) 5 тамыз күні сағат 21:30-да бірден медальға таласады, - делінген «Спорт Шредингера» Telegram-каналында.

Ал Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Instagram парақшасында: «Игорь Косолапов биіктікке секіруде 2.08 нәтижесімен финалға өтті. Жарайсың!», - деп жазды.