00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әлем чемпионаты: қазақстандық таеквондошылар тағы екі медаль иеленді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлем чемпионаты: қазақстандық таеквондошылар тағы екі медаль иеленді

49 келі салмақта Достан Нәжімханов жартылай финалда ирандық спортшыға жол берді. Нәтижесінде ирандық таеквондошы әлем чемпионы атанды.

Сонымен қатар 61 келіде қазақстандық Артур Пак үздік үштіктің қатарына енді. Артур финал жолдамасы сарапқа салынған жекпе-жекте ирандық Р.Зейналиден айласын асыра алмады.

Осылайша қазақстандық таеквондошылар Софиядағы біріншілікте бір күміс және үш қола медаль еншіледі.

Бұған дейін Ярина Пуганцова мен Нұрперзент Саматұлы жүлдегерлер қатарынан табылған болатын.