00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Конференция лигасындағы қазақстандық командалардың қарсыластары белгілі болды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Конференция лигасындағы қазақстандық командалардың қарсыластары белгілі болды

Үшінші іріктеу сатысында «Тобыл» Босния және Герцоговинаның «Зриньски», «Қызылжар» Кипрдің АПОЭЛ командаларымен кездеседі.

Ойындар 4 және 11 тамыз күндері өтеді.

Петропавлдық «Қызылжар» сырт алаңда Хорватияның «Осиек» командасын 2:0 есебімен ұтты. Алғашқы ойында хорватиялық команда 2:1 есебімен басым түскен болатын. Нәтижесінде қазақстандық клуб жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, «Тобыл» үшінші іріктеу сатысына шықты. Қостанайлық клуб екі ойынның нәтижесімен (2:0, 1:0) Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» командасын жеңген болатын.