00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Конференция лигасы: «Астана» польшалық команданы қабылдайды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Конференция лигасы: «Астана» польшалық команданы қабылдайды

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-де «Астана Аренада» жергілікті «Астана» мен польшалық «Ракув» кездеседі. Алғашқы ойында 5:0 есебімен жеңіске жеткен польшалық командаға қарсы Қазақстанның алты жүркін чемпионы қандай тосынсый дайындап отырғаны қызық.

Ал венгриялық «Кишварда» мен алматылық «Қайрат» арасындағы матч елорда уақытымен 22:00-де басталады. «Қайрат» бір апта бұрын өз алаңында 0:1 есебімен жеңілген.

Петропавлдық «Қызыл-Жар» Хорватияда жергілікті «Осиекпен» жолығады. Бұл матч сағат 0:30-ға жоспарланған. Нұр-Сұлтанда өткен бірінші ойында Али Алиев шәкірттері 1:2 есебімен жеңілді. 

Аталған үш матчты да «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.