00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық дзюдошы жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордалық дзюдошы жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды

Төрт күнге созылған құрлық біріншілігіне Қазақстаннан 20 спортшы қатысты.

50 келі салмақ дәрежесінде елордалық Ерболат Сыздық жасөспірімдер арасында Азия біріншілігінің алтын медалін жеңіп алды.

Қарсыластарым өте мықты болды. Бәрі жақсы дайындалған. Бірінші орын үшін айқастың өзі тартысты болды. Енді тамыз айында әлем чемпионаты өтеді. Сол жарыста тек алтын әкелуге тырысып, елімнің намысын қорғап, көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқатуға бар күш-жігерімді саламын. Әлі уақыт бар, жаттығуларды үзбей жасау керек, – дейді Ерболат.

Жалпы Азия чемпионатының қорытындысы бойынша қазақстандық жасөспірім дзюдошылар 13 медаль иеленді. Оның төртеуі алтын, үшеуі күміс, алтауы қола жүлде. Отандастарымыз ел намысын 16 салмақ дәрежесінде қорғап, жалпы командалық есеп бойынша ІІ орынмен аяқтады.