Александр Бублик ATP-250 турнирінің финалына шықты
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Қазақстандық Александр Бублик Ньюпортта (АҚШ) өткен ATP-250 турнирінің финалына шықты, – делінген Қазақстанның теннис федерациясы таратқан ақпаратта.
Жартылай финалда әлемнің 42-ракеткасы әлемдік рейтингте 102-орында тұрған австралиялық Джейсон Кублерді айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 6:3, 6:2.
Ойын 1 сағат 10 минутқа созылды. Бублик 15 соққыны орындап, екі қате жіберді, үш рет үзіліс жасады.
18 шілдеде болатын финалда Александр Бублик америкалық Максим Крессимен кездеседі.
Еске салсақ, қазақстандықтың еншісінде 2021 жылғы Монпельеде (Франция) өткен ATP турнирінің бір титулы бар.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 13:51
Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар анықталды
Бүгін, 11:38
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды