00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Аламан бәйгенің жеңімпазы анықталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Аламан бәйгенің жеңімпазы анықталды

Ұшқыр бәйгемен шымылдығын ашып, одан ары құнан бәйгесімен жалғасын тапқан жарыста қазақтың қазанатының қарымы мен шабыс-шалымын сынайтын аламан бәйгеге де кезек берілді. 

20 шақырымдық аламан бәйгеде кілең қазақ жылқысының тұқымынан бапталған 8 сәйгүлік жарыс жолына шығып, мәре сызығын Қостанай облысынан келген Мұрат Исмағамбетовтің Риба есімді тұлпары кесті. 

Айта кетейік, бүгін елорда күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен, Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Қазанат» атшабарында жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайтын «Елорда бәйгесі» республикалық турнирі өтіп жатыр

Қалиакбар Үсемханұлы