«Елорда бәйгесі»: Құнан бәйге мәресіне жетті
Аталған бәйге түрі бойынша 6 құнан жарыс жолағына шықты. 7 шақырымдық қашықтық бойынша 4 айналымға жіберілген 6 құнанның үшеуі ғана мәре сызығын кесті, үш құнан үш айналымнан кейін жарыс жолынан шығып қалды.
Бәйгенің ережесі бойынша шабондоздар қамшы салуына болмайды. Егер қамшыласа жарыс жолынан шығарылады.
Бұл жастарды зорлық-зомбылықтан аулақ болуға және жануарларды ұрып-соғатын жаман әдеттен аулақ болуға баулу, - дейді жарыс төрешілері.
Құнан бәйгеде Жандос Рыздықбайовтың 6-нөмірлі «Тайфун» есімді байталы бірінші болып мәреге жетті. Екінші орын Жандос Ахметовтің құнаны «Қызғалдаққа» бұйырды. Ал 3-орынды Мұрат Алшынбаевтың «Қарлығашы» иеленді.
Айта кетейік, бүгін елорда күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен, Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Елорда бәйгесі» республикалық турнирі өтіп жатыр.
Қалиакбар Үсемханұлы