00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Журналистер арасындағы спартакиада мәресіне жетті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Журналистер арасындағы спартакиада мәресіне жетті

Спорт додасына еліміздің бірнеше өңірінен сала мамандары қатысты.

Журналистердің олимпиадасына баланатын бұл республикалық жарыста Түркістан облысының құрамасы жалпыкомандалық есепте бас жүлдені иеленді. Спорттың бес түрін қамтыған сайыста ақпарат құралдары өкілдері қазақ күресі мен шағын футбол, волейбол және үстел теннисі, бильярд спортынан республика бойынша іріктелген құрамалар бақтарын сынады.

Тартысты өткен спартакиадада көш бастаған түркістандықтар қоржынында 3 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль бар. Ал, жалпыкомандалық екінші орынға Шымкент қаласының командасы қол жеткізді. Командалық үшінші орынға жергілікті Қарағанды құрамасы жайғасты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы тағайындалған кубоктармен және дипломдармен марапатталды.