Қазақстан құрамасы футболдан UEFA Ұлттар лигасын жеңіспен бастады
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Айта кетсек, ұлттық құрама С лигасы үшінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Әзербайжан, Беларусь пен Словакия.
Қазақстандық футболшылар өз алаңында Әзербайжан құрамасын қабылдады.
Кездесу барысында алғашқы кезеңде әзербайжандық ойыншылардың белсенділігі байқалды. Олардың гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Алайда қарсыластар көздеген нысанадан мүлт кетіп жатты.
Екінші кезеңде Абат Айымбетов 50, 57-минуттарда мергендік танытты.
Осылайша қазақстандық футболшылар қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.
Енді Қазақстан құрамасы келесі ойынын 6 маусымда сырт алаңда Словакияға қарсы өткізеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 14:45
Астанада үстел теннисінен алғаш рет Азия чемпионаты өтеді
Бүгін, 13:51
Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар анықталды
Бүгін, 11:38
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды