00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қуат Хамитов аралас жекпе-жекке қайта оралатынын айтты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қуат Хамитов аралас жекпе-жекке қайта оралатынын айтты

Бұған дейін ол қаңтар оқиғасы кезіндегі жайттардан кейін спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеген болатын. 

Құрметті достар, мен үлкен спортқа ММА-ға оралғанымды ресми түрде жария еткім келеді! Қазір мен жарақат алдым. Бірақ бұрынғы кездегідей көзімнен от пайда болғанын сезініп, тағы да жекпе-жекке шығуға дайынмын. Мен тағы бес жыл жекпе-жек өткізе аламын. Сондықтан да өзім үшін бұндай маңызды шешім қабылдадым, –  деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Қуат Хамитов – 34 жаста. Ол 10 жыл бойы 30-дан астам жекпе-жек өткізген. Еншісінде 23 жеңіс, жеті жеңіліс және бір тең ойын бар.