00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада Отан қорғаушы күніне арналған жеңіл атлетикалық эстафета өтті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада Отан қорғаушы күніне арналған жеңіл атлетикалық эстафета өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаевтың сөзінше, дәстүрлі түрде өтетін бұл жарыстың қатысышулары жыл санап көбейіп жатыр.

Алдымен өздеріңізді келіп жеткен 7 мамыр Отан қорғаушылар  күнімен және алдағы 9 мамыр ҰОС Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Барлығымыздың мерейімізді үстем ететін,  еліміздің айбынын асқақтатар ер-азаматтарымыздың бүгін мерекесі. Отан қорғаушы  күніне және «ҰОС Жеңіс күніне» арналған жеңіл атлетикалық эстафета жарысына 600 -ге  жуық жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен орта және жоғарғы студенттер қатысып жатыр. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жарыстың  жылдан-жылға мәртебесі артып, қатысушылар санының көбеюі өте жақсы жетістік, – деді С. Жылқыбаев.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  2022 жылды  «Балалар жылы» деп жариялады. Осы тұрғыда Президентіміздің, Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру, бірқатар бұқаралық спортты дамыту мақсатында, балалар жыл аясында  осындай  жарыстар ұйымдастырылуда. 

Еліміздің өркендеу жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге таусылмас бақыт,  мол ырыздық, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Дені сау ұрпақ – ел болашағы! Сондықтан салауатты өмір салтын бірге қалыптастырайық!, – деді ол.

Эстафета қатысушылары 14 кезеңнен тұратын жалпы қашықтығы 5 335 м бағындырады. Айта кету керек, жарыс елордадағы Жеңіс даңғылы мен Бигелдинов көшесінің қиылысынан сөрені (старт) бастайды (мин.фин) – Әлия Молдағұлова көшесімен – Бейбітшілік көшесінен – Отырар көшесіне дейін жүгіріп өтеді.

Бірінші кезеңнен бастап біздің университеттің студенттері әр кезең сайын  бірінші жетіп отырдық, міне өздеріңіз көргендей ең соңғы 14 кезеңдеде 4 ЖОО арасында да бірінші болып мәреге жеттік. Бұл эстафета жарысына біз 1 жеті бұрын барымызды салып дайындалдық. Біздің Университет жыл сайын осы жарыста жүлделі орындарға ие болады. Міне сол дәстүрді біз жалғастырып бірінші болып мәреге келдік. Мен өз басым өте қуаныштымын. Дене шынықтыру пәнінің ағайына алғысымды айтқымыз келеді, – деді Астана Халықаралық университетінің студенті, эстафетаға қатысушы Айшабибі Айтбай.

Айта кетейік, аталған жарыстың мақсаты – ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру, сонымен қатар, Жалпы білім беретін мектеп оқушылары, ОАОО және ЖОО студенттері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт іс-шараларын дамыту болып табылады. Жарыста жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар медальдармен, командалық кубоктармен және дипломдармен марапатталды.