Елордада көркем гимнастикадан ел чемпионаты өтіп жатыр
Көркем гимнастика орталығында – Тәуелсіздік сарайында ел чемпионаты өтіп жатыр. 3-7 мамыр күндері спорт шеберлері, сондай-ақ 8-12 мамыр күндері спорт шеберлігіне үміткер және 1-разряд арасында Қазақстанның екі чемпионаты ұйымдастырылады. Онда 500-ден астам спортшы бақ сынайды. Еліміздің барлық өңірінен жасақталған құрама команда бөлек қатысады. Сол себепті жарыс өте тартысты өтеді деп сенемін, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 БЖМОРСМ» КММ басшысы Әбілқайыр Сайранбек.
Еліміздің түрлі өңірлерінен жиналған талантты қыздар өз өнерлерін ортаға салды.
Бұл – еліміздегі ең үлкен жарыс. Сондықтан спортшылардың бәрін көріп шығамын. Топтық командаларды да назарымызға аламыз. Себебі қазір Азия чемпионатына дайындық жүргізіп жатырмыз, - деді Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова.