00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Thailand Open: Алты қазақ боксшысы жартылай финалға шықты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Thailand Open: Алты қазақ боксшысы жартылай финалға шықты

Ширек финалдық бәсекенің алғашқы күнінің нәтижесі бойынша алты спортшы жартылай финалда жұдырықтасады. 

Назарларыңызға бүгінгі жекпе-жектердің нәтижесін ұсынамыз.

Тимур Нұрсейітов (75 келі) - Сумит (Үндістан) - 0:5 (27:30, 27:30, 27:30, 27:30, 27:30)

Аятулла Тәкіжанов (75 келі) - Борворн Кадамнуан (Таиланд) - 5:0 (30:26, 30:26, 29:28, 30:27, 29:28)

Сағындық Тоғамбай (91 келі) - Нгуен Ман Куон (Вьетнам) - үшінші раундта жекпе-жек тоқтатылып, жеңіс Тоғамбайға берілді.

Айбек Оралбай (91 келі) - Гаурав Чаухан (Үндістан) - 4:1 (30:27, 30:27, 30:27, 30:27, 29:28)

Санатәлі Төлтаев (63 келі) - Чу-Эн Лай (Қытайлық Тайбэй) - 3:2 (28:27, 27:28, 26:29, 29:26, 28:27)

Сұлтан Мусинов (63 келі) - Ву Тан Дат (Вьетнам) - Мусинов алғашқы раундта жеңіске жетті

Асланбек Шымбергенов (69 келі) - Маржон Пианар (Филиппин) - Үшінші раундта жекпе-жек тоқтатылғандықтан жеңіс Аслан Шымбергеновке берілді.

Айта кетерлігі, Сәкен Бибосынов пен Серік Теміржанов 1/4 финалындағы жекпе-жектерін 6 сәуір күні өткізеді.