00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада грэпплингтен чемпионат басталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада грэпплингтен чемпионат басталды

Өткен демалыс күндері елордада жастар арасында грэпплингтен Нұр-Сұлтан біріншілігі өтті.

Іріктеу жарыстарына 16-17 жастағы жасөспірімдер мен 18-20 жастағы жастар қатысты. Бірінші және екінші орын алған спортшылар республикалық чемпионатқа қатысуға жолдама алады, - деді «Нұр-Сұлтан қаласы грэпплинг Федерациясы» ҚБ Президенті Тоқтар Зарубеков.

Жас спортшылар турнир өте қатал өткенін атап өтті.

Бүгін мен екінші орын алдым, қарсыластар мықты болды. Финалда маған сәттілік жетіспеді. Келесі жолы мен одан да үлкен биіктерге жетемін. Шараны ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіргім келеді, - деді чемпионаттың күміс жүлдегері Нәзір Ибрагимов.