Футбол жанкүйері ойын кезінде өзін қақпаға байлап тастады (ФОТО)
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Championat.com сайтының жазуынша, «Эвертон» мен «Ньюкасл» арасындағы ойында жанкүйер өзін қақпаға байлап тастаған.
Басылымның мәліметінше, екінші тайм басталар уақытта жанкүйер «Гудисон Парк» стадионының алаңына шығып, өзін қақпаға мойнынан байлап қойған. Бас төреші Крейг Поусонға ойынды тоқтатуға тура келген. Бірер уақыттан кейін стадион қызметкерлері жанкүйердің мойнындағы пластик сымды шешіп, оны алаңнан полиция алып кеткен. Осыдан кейін матч қайта жалғасқан.
Спорт-Экспресстің британиялық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, жанкүйер, осылайша, Ұлыбританияның қазба отынды өндіруге және игеруге инвестиция құюына қарсылығын білдірмек болған. «Эвертон» мен «Ньюкасл» арасындағы матчқа келсек, ойын 1:0 есебімен «Эвертонның» пайдасына шешілген.
Ұқсас жаңалықтар