00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

2025 жылға дейін халықтың жартысы дене шынықтырумен қамтылады – Ералы Тоғжанов

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
2025 жылға дейін халықтың жартысы дене шынықтырумен қамтылады – Ералы Тоғжанов

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйене отырып, 2025 жылға дейін халықтың жартысын дене шынықтырумен қамту көзделіп отыр. Осыған байланысты олардың қалай және қандай критерийлерге сәйкес есептелетіні мен үшін әлі беймәлім. Мен бұл сұрақтарды министрліктің алдына бір емес бірнеше рет қойдым. Соны нақтылауымыз керек. Жалпылама әңгіме айналасында жұмыс істейтін заман емес. Ондай заман жоқ. Сондықтан осы мәселені бірге қарастыруымыз керек. Осы орайда министрлікке Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп, спортпен, оның ішінде дене шынықтырумен шұғылданатын адамдардың санын есептеудің нақты әдістемесін бекітуді тапсырамын, - деді Е. Тоғжанов Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында.