00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Странджа» кубогы: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Странджа» кубогы: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды

48 келідегі Санжар Тәшкенбай италиялық Леонардо Эспоситоны 5:0 есебімен ұтса, осы салмақтағы Даниял Сәбит ресейлік Эдмонд Худоянға жол берді. 

51 келіде Дамир Әбдіқадыр мен Тимур Қабдешов тиісінше Ұлыбритания мен Испания боксшыларын ұтты. 

60 келідегі Василий Самчук германиялық Мұрат Йылдырымға есе жіберді. Ал 71 келідегі Ермахан Жакпеков жерлесі Қуан Қуатовты 3:2 есебімен жеңді. 

75 келіде Нұрқанат Райыс италиялық Фратарели Манфредиді 5:0 есебімен ұтса, Нұрлан Сапарбай испаниялық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.