Мемлекет Ұлттық Олимпиада комитетін қаржыландыруды тоқтатады
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Tengrinews.kz-тің жазуынша, бұл ақпаратты комитеттің баспасөз қызметі растап отыр.
Шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы құжат бұған дейін желіде жарияланған. Ол бойынша келісім 1 сәуірде бұзылады, осы күннен бастап спортқа бөлінген мемлекеттік қаражатты басқару тоқтатылады.
Спорт комитетінің баспасөз қызметі құжат бар екенін және шарттың бұзылу фактісін растады, алайда оған түсініктеме 25 ақпанда, министрліктің Олимпиада ойындарының қорытындылары бойынша Ұлттық Олимпиада комитеті өкілдері қатысатын отырысынан кейін болады деп атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар