Қанат Ислам чемпиондық титул үшін жекпе-жек өткізеді
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Сайт мәліметінше, ол АҚШ-тың Флорида штаты Плант-Ситиде өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады.
Қанат Исламның қарсыласы – бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы титулының бұрынғы үміткері, ұлыбританиялық Джимми Келли.
Оқи отырыңыз: ”Қанат Ислам үлкен жекпе-жектер туралы ойланбайды да” – сарапшы
Ұйымдастырушы ProBox Promotions компаниясының ақпаратынша, жекпе-жек барысында орта салмақтағы WBO Global чемпионы титулы сарапқа салынады. Бокс кеші бастапқыда 21 қаңтарда өтуі тиіс еді. Алайда коронавирус шектеулеріне байланысты кездесу уақыты өзгерген.
Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 2021 жылғы 20 ақпанда Майамиде өткізген болатын. Сол кезде отандасымыз эквадорлық Джейсон Минданы жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.
Ұқсас жаңалықтар