Бейжің-2022: 11 ақпанда жарысқа кімдер шығады
Шаңғышылар Виталий Пухкало мен Евгений Величко классикалық стильде 15 шақырымға жекелей жарыста өнер көрсетеді.
Галина Вишневская-Шепоренко спринтте топ-60 қатарына еніп, із кесу жарысына жолдама алуға тырысады.
Сергей Ткаченко мен Данил Васильев үлкен трамплинде негізгі кезеңге өтуге талпынып көреді.
Шорт-трекшілер Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов пен Абзал Әжіғалиев 500 метрлік жарыста жүлдеге ілігу үшін бар күшін салады.
11 ақпандағы жарыс кестесі
Шаңғы жарысы
13:00. 15 км, классикалық стиль. Ерлер
Биатлон
15:00. Спринт. Әйелдер.
Трамплиннен секіру
17:00. Іріктеу. Үлкен трамплин. Ерлер
Шорт-трек
17:18. 500 м. Ерлер. Алғашқы кезең
Қайдан көруге болады:
Qazaqstan – 14:50 (биатлон).
Хабар – 12:55 (шаңғы жарысы)
Qazsport – 17:00 (шорт-трек)
Хабар – 16:55 (трамплиннен секіру)