00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бейжің-2022: Бүгін жарысқа кімдер шығады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бейжің-2022: Бүгін жарысқа кімдер шығады

Тау шаңғысындағы жалғыз өкіліміз Александра Троицкая Бейжің Олимпиадасындағы алғашқы және соңғы жарысына қатысады. 18 жастағы жас спортшымыз Яньциндегі жарыс жолында сынақтан өтеді.

Олимпиаданың тағы бір дебютанты Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысында ел намысын қорғайды. 26 жастағы спортшы трамплиндегі жекелей жарыстан бастап, кейін Гундерсен жүйесі бойынша 10 шақырымдық жарысқа қатысады. 

Ал жарыс күнін шорт-трекшілер аяқтайды. Әйелдер арасындағы 1000 метрге жарыста Ольга Тихонова бақ сынаса, Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша 1500 метрде жарыс жолына шығады. 

Одан бөлек, шайбалы хоккей мен керлингтен ерлер арасындағы турнир басталады. Әйелдер арасында сноуборд-кросс жарысы өтеді. Сондай-ақ шана жарысы да бар. 

9 ақпандағы жарыс кестесі

Тау шаңғысы

8:15 Слалом. Әйелдер. Бірінші мүмкіндік

11:45 Слалом. Әйелдер. Бірінші мүмкіндік

Шаңғы қоссайысы

14:00 Орташа трамплин. Ерлер

17:00 Гундерсен жүйесі бойынша 10 шақырымдық із кесу жарысы. Ерлер

Шорт-трек

17:00 1500 м. Ширек финал. Ерлер

17:44 1000 м. Әйелдер. Алғашқы кезең

18:30 1500 м. Жартылай финал. Ерлер

19:20 1500 м. Финал. Ерлер

Қайдан көруге болады:

Qazaqstan – 08:05, 11:35 (тау шаңғысы).

Qazaqsport – 16:55 (шорт-трек).

Хабар – 12:50, 16:55 (қоссайыс).