Бейжің-2022: Қазақстандық конькишілер жүлде ала алмады
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Қазақстанның атынан бұл сында екі конькиші өнер көрсетті: Екатерина Айдова мен Надежда Морозова.
Надежда Морозова қашықтықты 1:56:85, Екатерина Айдова 1:59:01-де жүріп өтті. Екі спортшымыз да Олимпиада жүлдесіне ие бола алмады.
Олар жарысты тиісінше 14 және 18-орындарда аяқтады.
Бұл сында олимпиадалық рекорд орнатқан Ирен Вюст (Нидерланд) жеңіске жетті. Екінші орында – жапондық Миха Такаги. Үздік үштікті тағы бір нидерландтық Антуанетте де Йонг түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін Надежда Морозова 3000 метрде бақ сынап, 4:04:97 көрсеткішпен 13-орын алған болатын.
Ұқсас жаңалықтар