00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық теннисші Үндістандағы жарыстың финалына шықты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық теннисші Үндістандағы жарыстың финалына шықты

ҚазАқпарат-тың мәліметіне қарағанда, осы жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина украиналық Валерия Страховамен бірге жартылай финалда ресейлік Екатерина Яшина мен үндістандық Пратана Томбаремен шеберлік байқасты. Қазақстандық-украиналық жұп қарсыластарын 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

Бұл додада тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева да финалға шығуы мүмкін. Ол латвиялық Диана Марцинкевичпен бірге жартылай финалда жапониялықтар Нахо Сато – Моюка Учижимамен ойнайды.