00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бюджеті 80 млн теңгені құрайтын бокс кеші сынға алынды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бюджеті 80 млн теңгені құрайтын бокс кеші сынға алынды

«Алдағы уақытта елордада кәсіби бокс кеші өтеді екен. Кіру де ақылы шығар. Сұрайын дегенім бұл шараны өткізуге неліктен бюджеттен ақша бөлінуі тиіс?», - деген сұрақ қойды қоғамдық кеңес мүшесі Нұрдәулет Оразханов.

Бұл сұраққа Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Гүлназ Оразалина жауап берді.

«Бокс кеші бойынша алдын ала 120 млн теңгеге өтініш берілген. Қазіргі уақытта ол бюджет 80 млн теңгеге дейін қысқартылды. Соңғы уақытта елордада спорттық іс-шаралардың жетіспеушілігі байқалады. Бұл шара көпшіліктің спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткелі отыр. Сонымен қатар аталмыш спорт түрін балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау міндеті де бар. Сондықтан осындай үлкен спорттық шара үшін бөлінетін соманы көп деп айта алмаймыз», - деді басқарма өкілі.