00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әлем чемпионаты: бүгін бес боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлем чемпионаты: бүгін бес боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады

Күндізгі сессияда (18:00-де басталады) 48 келі салмақ дәрежесінде Теміртас Жүсіпов беларусь боксшысы Евгений Кармильчикпен қолғап түйістірсе, 54 келі салмақтағы Махмұд Сабырхан үнді жігіті Акаш Кумарға қарсы рингке көтеріледі. Үшінші болып шаршы алаңға шығатын 67 келідегі ұлттық құраманың капитаны Абылайхан Жүсіпов жапониялық Севонрец Окадзаваның шамасын байқап көреді.

Кешкі сессияда (23:00-де басталмақ) Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 51 келі салмақтағы Сәкен Бибосынов тайландтық Танарат Саенгфетпен жұдырықтасса, 57 кило салмақтағы Серік Теміржанов кубалық Освел Кабальеро Гарсиямен қолғап түйістіреді.