00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қарағандылық балуан 61 жасында әлем чемпионы атанды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қарағандылық балуан 61 жасында әлем чемпионы атанды

Әлем чемпионатына 48 мемлекеттен 400-ден астам спортшы қатысқан. Ел атынан сынға түскен 35 спортшы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте ІІІ орынға табан тіреді.

Бұл жарыста 81 килограм салмақ дәрежесінде алтын медальді Нәсіпқұл Тыныбаев жеңіп алғанын атап өткен жөн. 61 жастағы қарағандылық спортшы Әлем чемпионатының финалында австриялық Курт Рейнхольдты жеңді.

Айта кету керек, Нәсіпқұл Амантайұлы алдын ала кездесулерді қоса алғанда барлық жекпе-жегін “иппонмен” жеңді. Есеп – 10:0. Бірінші орыннан бөлек, Нәсіпқұл Тыныбаев 2022 жылдың мамыр айында Жапонияда өтетін ардагерлер арасындағы Олимпиадаға жолдама алды.

Нәсіпқұл Тыныбаев Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Алпыстағы әлем чемпионы көңіл түкпіріндегі көп арманының бірі – Жапония төрінде өтетін біріншілікте топ жару.