Әлем чемпионаты: Асланбек Шымбергенов өзбек боксшысымен жұдырықтасады
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Сербия астанасы Белградта бокстан ерлер арасында әлем чемпионаты жалғасып жатыр.
Кезекті жарыс күнінде шаршы алаңға төрт қазақстандық боксшы шығады. Күндізгі сессияда 54 келіде Махмұд Сабырхан Оңтүстік Корея спортшысы Ким Ин Гомен кездессе, 92 келіде Айбек Оралбай польшалық Матеус Березницкимен жұдырықтасады.
Ал кешкі сессияда 60 келіде Саматәлі Төлтаев Хунатип Пиндучпен (Тайланд), 67 келіде Асланбек Шымбергенов Шахрам Гиясовпен (Өзбекстан) келесі кезеңнің жолдамасын сарапқа салады. Асланбек бұдан бұрын 1/32 финалда ирандық Фархад Моради Аташгахты тізе бүктірген еді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 14:45
Астанада үстел теннисінен алғаш рет Азия чемпионаты өтеді
Бүгін, 13:51
Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар анықталды
Бүгін, 11:38
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды