00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Зарина Дияс әлемдік рейтингіде үздік жүздікке қайта оралды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Зарина Дияс әлемдік рейтингіде үздік жүздікке қайта оралды

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик 35-тен 34-орынға көтерілді. Осылайша, Александр дүниежүзілік рейтингідегі өзінің үздік нәтижесін қайталап отыр.

Тимофей Скатов 269-дан 266-ға жоғарылады. Бұл оның рекордтық көрсеткіші болып табылады. Керісінше Михаил Кукушкин 147-ден 159-ға төмен сырғыды. Дмитрий Попко 161-ден 162-ге ауысты. Ал бұған дейін 760-ші орында болған Бейбіт Жукаев 746-орынға жайғасты.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 17-ден 19-ға сырғыды. Юлия Путинцева 44-орнын сақтап қалды.

Ал Зарина Дияс 104-тен 100-сатыға көтерілді. Сөйтіп, Зарина үздік жүздікке қайта оралды.