00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Барыс» бүгін Минскте «Динамомен» кездеседі

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Барыс» бүгін Минскте «Динамомен» кездеседі

Кейінгі 8 матчта жеңіске жеткен «Динамо» Батыс конференциясының турнир кестесінде үшінші орында тұр. Ал «Барыс» Шығыс конференциясында жетінші орында келеді.

Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті. Дегенмен кейінгі екі ойында аталған қарсыласына есе жіберіп қойды.

«Динамо» (Минск) – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 22:10-да басталады.

Матчтың тікелей трансляциясы «Qazsport» телеарнасының эфирінен көрсетіледі