00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалықтар таза ауада спорттың 11 түрімен тегін шұғылданады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалықтар таза ауада спорттың 11 түрімен тегін шұғылданады

Жоба Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының міндеттерін жүзеге асыруға сәйкес, қалалық әкімдіктің қолдауымен, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен жүзеге асырылуда.

«Негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту. Жаттығу 6 саябақта және 2 алаңда өтеді. Аптасына 3 рет – сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін қатысуға болады. Барлығы тегін өткізіледі. Жоба осы жылдың соңына дейін жалғасады. Қыста фитнес сабақтар қысқы спорт түрлеріне – шаңғы және коньки тебуге ауыстырылады», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясына қарасты спорт бөлімінің басшысы Еділ Айтбаев.

Жоба туралы толық ақпарат алу үшін Instagram-дағы @Dostupnyi_sportkz парақшасына кіруге болады.