Қазақ балуандары Моңғолияда «Лашын», «Арыстан» титулдарын жеңіп алды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Моңғолдың ұлттық күресінен аймақтық атақ берілетін сайысқа 128 балуан қатысқан. Жарыс қорытындысына сәйкес Еркінбек Шоқанұлы мен Бердәулет Мұқтарұлы аймақтық лашын (начин) дәрежесін жеңіп алды.
Финалдық кездесу аймақтық арыстан (арслан) Еркебұлан Малшыұлы мен Энхболдын Тамираа арасында өтті. Бұл белдесуде Еркебұлан жеңімпаз атанып, аймақтық «Хурц арслан» атағына ие болды.
«Бұл атақ моңғолдық ұлттық күрес ережесіне сай аймақтық мерейтойда екі мәрте жеңімпаз атанған балуанға беріледі. Еркебұлан Малшыұлы бұған дейін 2011 жылы аймақтық арыстан атағын алған болатын», - деп жазады Kaznews.mn.
Ұқсас жаңалықтар