«Астана» велошабандозы «Венето Классик» жарысында топ жарды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
206,5 шақырымды құраған жарыс жолында мәре сызығын бірінші болып италиялық велошабандоз жетті. Оның ізін басқан «UAE-Team Emirates» командасының велошабандозы, швейцариялық Марк Хирши екінші болды. Үшінші орында «Androni Giocattoli - Sidermec» командасынан колумбиялық Джонатан Рестрепо болса, төртінші болып «Астанадан» Алексей Луценко келді.
Қазақстандық команданың құрамында аталған екі спортшыдан бөлек, Мануэле Боаро (Италия), Фабио Феллине (Италия), Родриго Контрерас (Колумбия) және Давиде Мартинелли (Италия) жарыс жолына шықты.
Осылайша, көш бастаған Самуэле Баттистелла кәсіби деңгейдегі өзінің ең ірі жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетейік, елордалық велокоманда 2022 жылғы маусымда «Astana Qazaqstan Team» атауымен өнер көрсететін болады.
Ұқсас жаңалықтар