00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Норвегияда күрес түрлерінен әлем чемпионатының соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржынына қола медаль түсті. 

Алмат Кебіспаев грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндк жұбаныш белдесуінде Мурат Фиратты (Түркия) 7:4 есебімен жеңіп, қола жүлдеге ие болды. Нәтижесінде, құраманың көшбасшысы Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының бес дүркін жүлдегері атанды. 

Айта кетерлігі, Алмат Кебіспаев бұған дейін грек-рим күресінен әлем чемпионатының бір күміс және үш қола медалін жеңіп алған.