00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық жас спортшы әлемдік шыңды бағындырды

26 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Астаналық жас спортшы әлемдік шыңды бағындырды
фото: Елнұр Дәуілбайдың жеке мұрағатынан

Астаналық жас спортшы Елнұр Дәуілбай Токиода өткен Киокушинкай каратэден Әлем кубогінде алтын медаль жеңіп алып, Әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Елнұр 7 жастан бастап каратэмен айналысады. Бастапқыда Астана каратэ орталығында белгілі спортшы Арман Мұхамедрахымның жетекшілігімен жаттыққан. Соңғы жылдары оның дайындығын  Қазақстан Республикасы Киокушинкай KWF Федерациясының жаттықтырушысы Дархан Рахимжанов қадағалап, спортшыны жаңа деңгейге көтерді.

10 жыл ішінде спортшы 28 қола, 22 күміс, 32 алтын медаль және 26 кубок жеңіп алған. 16 жасында каратэден Спорт шебері атағына лайық деп танылды.

Елнұр Дәуілбай әр жылдары Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының чемпионы, Түркияда өткен 7-ші Еуропа чемпионатында Еуропа чемпионы атанса, енді Токиода топ жарды.

«Жыл сайын Германия, Нидерланды, Ресей, Түркия және Жапония сияқты елдерде өтетін жарыстарға қатысып жүрмін. Әлем чемпионы болу арманым мықты тәртіп, күнделікті жаттығулар және отбасым мен жаттықтырушыларымның қолдауының арқасында жүзеге асты», - дейді ол.