00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Марафон нәтижесі: 10 жыл жүгірген желаяқ 10 шақырымды еңсерді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Марафон нәтижесі: 10 жыл жүгірген желаяқ 10 шақырымды еңсерді

«Жеңіл атлетикамен айналысып жүргеніме 10 жылдан асты. Қазіргі уақытым – 31 минут 18 секунд. Алматыда янградер деген жарысқа қатыстым. Осы жарысқа Алматы қаласынан, мектебімнің атынан арнайы келген болатынмын. 2019 жылы Белоруссияда 3 шақырымға қатысқан болатынмын», - дейді жеңімпаз.

Қатысушылардың көңіл күйі көтеріңкі. Себебі пандемияға байланысты іс-шара былтыр өтпей қалған еді. Ал биылғы марафонға қатысу құны 7,5 мыңнан 10 мың теңгеге дейін болды.

«Бүгінгі марафон бұрынғыдан өзгерек. Өйткені бұл жолғы бәсекеге World Athletics ұйымы қола мәртебе берді. Сәйкесінше Астана марафоны ТМД аумағында осындай дәрежеге ие алғашқы марафон болды», - дейді Astana Marathon негізін қалаушы және ұйымдастырушысы Гаухар Брамлей-Фентон.