00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Astana Marathon-2021 қатысушылары 42,2 шақырымды бағындырмақ

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Astana Marathon-2021 қатысушылары 42,2 шақырымды бағындырмақ

Жыл сайынғы дәстүрлі жарыс биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр. Оған екпе алған және ПТР-анықтамасын ұсынған 16 жастан асқан желаяқтар ғана қатыса алады. Ал биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты, марафоншылардың саны қатаң шектелген. Оларды қабылдау «Ashyq» жүйесі арқылы жүзеге асырылып, санитарлық нормалар толық сақталып отыр.

Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырып жатқан марафон аясында екі қашықтық көзделген: 18 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін 42,2 шақырым, 16 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін 10 шақырым. Ал олардың қай көшелермен жүгіріп өтетінін кеше жазған болатынбыз.

Таңғы 6-да жиналған қатысушылар алдымен жылынып, әлеуметтік қашықтықты сақтап, жаттығу жасады. Сондай-ақ оларға шәй мен кофе ішіп, жылынуға болатын фудкорт ұйымдастырылды.

Еске сала кетсек, биылғы марафон қатысушылар үшін ерекше болмақ. Өйткені ол «қола» статусына ие. Bronze Label Road Races 2019 жылғы қарашада World Athletics ұйымы тарапынан беріліп, ТМД аумағында Astana Marathon осындай статусқа ие болған алғашқы және жалғыз марафон өткізді. Сондай-ақ 2018 жылдан бастап Astana Marathon Халықаралық марафондар мен желаяқатар қауымдастығының (AIMS) құрамында. Ал былтырдан бастап Abbott World Marathon Majors Wanda Age Group жас ерекшелік топтарында марафоннан әлем чемпионатының біліктілік тобына енген.

Бұл ретте іс-шараның қайырымдылық мақсатында өтіп жатқанын ескерген жөн. Мысалы, 2009 жылдан бастап Astana Marathon ұйымдастырушылары елдегі қайырымдылық ұйымдарына 37 миллион теңгеден астам қаражат жинаған.