Жахан Отарғалиев: Мен отбасымды жіберіп қоятын адам емеспін
Танымал өнер иесі Жахан Отарғалиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына отбасынан айырылмау үшін бәрін жасағанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
1 айда екі рет ота жасаттым. Аллаға шүкір, қазір тәуір болып келе жатырмын. Жуырда позиитвті күйде қайта ораламын. Бірақ позитив күйде болғанымды қаласаңыздар, одна отбасым жайлы мүлде әңгіме айтпай-ақ қояйық. Отбасым туралы мүлде әңгіме қозғаған жоқпын. Себебі, отбасы менің жеке өмірім. Бірақ көп адам «Отбасыңды қайтарсайшы» деп хат жазуда. Сол кісілерге мен жауап бергім келеді. Мен отбасымды жіберіп қоятын адам емеспін, - деді Жахан Отарғалиев.
Сондай-ақ өнер иесі отбасыны бекерден-бекер жіберіп қоятын адам емес екенін айтты.
Мен тырыстым. Бір емес, екі емес, үш ай бойы отбасымды сақтап қалу үшін біраз нәрсе жасадым. Бардым, сөйлестім, айттым. Ойлан, бір ай күтейін, екі ай күтейін, үш ай күтейін дедім. Солай жүргенде біраз уақыт өтіп кетті. Және мен ауырып қалдым. Жалпы, мен отбасыны бекер жіберіп қоятын адам емеспін. Сол үшін бір-біріміз туралы жақсы ойда болайық. Ал сіздерге айтарым, отбасыны сақтаңыздар! Себебі, бұл өмірде отбасыдан артық еш нәрсе жоқ. Жалғыздық тек Аллаға жарасады, - деді ол.