«Сене алар емеспін»: Қалаулымдағы танымал жұп ұлды болды


«Қалаулым», «QosLike» бағдарламалары арқылы көпшілікке танылған жұп Зухра Хакиева мен Бексұлтан Барат ұлды болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бүгін таңғы 6:20 да Бексұлтанның ұлын 3.330 кг 54 см етіп 41-аптасында босандым. Сене алар емеспін, баламызға қарап түсім сияқты сезімдемін. Бексұлтан дереу келіп, қасымда көмектесіп жүр. Ата-ана болу сезімін жеткізе алмаймыз. Сондай кіп-кішкентай, өзім көтеруге қорқып жатырмын. Екеуміздің тұңғыш ортақ ботақанымыз. Сәби аңсағандарға жұғысты болсын»,- деп жазды Зухра Хакиева өзінің желідегі парақшасында.
Танымал жұптың оқырмандары өз тілектерін білдіріп, құттықтап жатыр.
«Бауы берік болсын», «Аты кім?», «Алла тіл көзден сақтасын», «Қазақ еліне +1 батыр», «Үлкен азамат болып өссін», «Бізге де жұғысты болсын» ,- деп жазды олар.



