«Ninety one» тобының мүшесі мұрнына ота жасатқан
«Ninety one» тобының мүшесі, көпшілікке Бала лақап есімімен танымал Данияр Құлымшы мұрнына ота жасатқанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл турал әншінің өзі Тимур Балымбетовтің ютуб каналдағы бағдарламасында айтты.
-25 жасыма дейін мұрынымның пішіні қисық болды. Ота жасату кішкентай кезімнен үлкен бір арманым еді. Өйткені мұрынымның пішіні қисық болған соң ауа алмасу дұрыс жүрмеді. Ән айтуға кедергі болды және оттегі жетіспеуі секілді мәселелер мазамды алатын. Ота сәтті өтті", - деді Данияр Құлымшы.
Сонымен қатар Бала мұрынының қисаюына не себеп болғанын да атап өтті.
-Менің есімде бір сәт бар. Өте кішкентай кезімде Ақтөбеде өзіммен қатар баламен төбелесіп қалдым. Мен құлағанда, ол менің мұрынымнан ұра берді. Содан болуы мүмкін деп ойлаймын. Біраз жыл өткеннен кейін емделуге барғанда дәрігер «аденоид, аденома, ісік» деп диагноз қойды. Емдеп көргенмен, нәтиже болмады. Алматыға көшіп келгеннен кейін маманға тексерткенде, ол мұрынымның пішінін түзету керектігін айтты. Бірақ бұл үшін 23 жасқа толуым керектігін ескертті", - деп жан сырын ақтарды әнші
Айта кетейік, «Ninety one» - жанкүйерлердің жүрегін жаулаған Q-pop бағытындағы алғашқы қазақстандық топ. Топ ұжымы 2015 жылы "Айыптама" әнімен дебют жасап, өздерін көпшілікке таныстырды.