00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Не ұнамай қалды екен...»: Балжан Бидаш күйеуімен айырылысқанын растады

7 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Не ұнамай қалды екен...»: Балжан Бидаш күйеуімен айырылысқанын растады
фото: Elordainfo

Танымал актриса Балжан Бидаш өзінің Instagram парақшасында Жахан Отарғалиевпен айырылысып кеткені туралы жазба қалдырды, деп хабарлады Elorda.info. 

Достар, сіздер шындықты білуге лайықсыздар, осы уақытқа дейін біз үшін алаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан «рас па, өтірік пе» деген ақпаратты «біз екі жаққа кеттік» деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін. Бұлай болғанына қарамастан Жаханның әр бастамасын, шығармашылығын қолдаймын! Ешкімнің ала жібін аттамайтын, қазақ киносынан өз орнын тапқан еңбекқор, қайсар жан, – деп жазды актриса.

Жазбаға қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. 

«Балжан сен ол Жаханнан жақсыға лайықсың», «Жап жас қызды алып еще не ұнамай қалды екен», «Балжан күшті келін бола білді», «Білмеймін қазіргі таңда үйленіп ажыраса салу соншалықты оңай болғаныма?», « Бала жоқ болғанның өзінде ата- ана мен ата- ененің көнілдерін,қалай уайымдап жандарын түйетіндерін ойламайсыздар» ,- деп жазды желі оқырмандары.