«Мен кезінде ішетінмін»: Актер Еркебұлан Тоқтар шындығын айтты


Әлеуметтік желіде «Әркім өз жұмысымен айналыссын» деген пікірімен де кең танылып кеткен актер бұрын ішкілікке жақын болғанын жасырмады. Бұл туралы ол НТК арнасының «Табу» бағдарламасында берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлады Elordainfo.kz
Актер кино әлеміне жаңадан қадам басып жатқан тұста жаман әдетке үйір болған. Бұл жастық білместікпен болғанын айтты.
«Мен кезінде ішетінмін. Сол берекені қашырды деп ойлаймын. Әйтпесе мен ол кезде де ақша табатынмын. Бірақ не үшін ішетінімді білмейтінмін. Университет бітіргенге дейін ішкен жоқпын. Киноға түстім, жұлдыз ауруына ұшырадым, сол ортаны көрдім. Бірақ бұл ортаны жамандамаймын. Әркім өзі біледі. Ішетіндер де бар, ішпейтіндер де бар. Жұрт ішіп жатыр, мен де ішіп көрейін дедім. Содан көп ішіп кеттім. Жұма, сенбі-жексенбіде клубта жүремін. Соңғы 15-20 мың теңгені сатып жіберетінмін», - деп ағынан жарылды ол.



