«Мазаққа айналдырады»: Дина Төлепберген алғаш рет күйеуін көрсетті

Бүгін, 09:41
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Мазаққа айналдырады»: Дина Төлепберген алғаш рет күйеуін көрсетті
фото: instagram.com/dina_tolepbergen

Танымал тележурналист, продюсер Дина Төлепберген өзінің Instagram парақшасында алғаш рет жолдасымен түскен фотосын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Ол саған есік ашып жүр ме, сонда? Ха-ха-хаааа! Әріптестерімнің осы бір мазағы әлі күнге дейін құлағымда. Олар менің болашақ жұбайымның жұмыс алдына келіп, көлігінің есігін ашып тұрғанын көрген екен. Әлдеқайдан бір әңгіме естіп алғандай, мысқылмен күлкісін жасыра алмай отыр.
Бұл 2010 жыл еді... Қазір 2025. Он бес жыл өте шығыпты, бірақ таңғалатыным – ештеңе өзгермеген. Әйелге есік ашу, пальтосын киюге көмектесу, жаңбыр жауса қолшатырды ұстау, шотты төлеу – осылардың бәрі әлі бітпейтін тақырып. Ең қызығы – еркектің қарапайым құрметін кей «данышпандар» мазаққа айналдырады.
Ақылды біреу айтқан екен: адам – табиғатынан жақсы. Егер ол жамандық жасаса, жүрек түкпірінде бір жері бәрібір ауырып тұрады. Бірақ ұятын жеңу үшін, яғни өз кінәсін ақтап алу үшін өзгеден мін іздеуге көшеді»,- деп жазды Дина Төлепберген.

Журналист ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынас туралы өз пікірін білдірді. Сондай-ақ  кітап жазып жатқанын атап өтті. 

«Мысалы, бір еркек әйеліне опасыздық жасап қойды делік. Бірақ өзін ақтау үшін : «Маған көңіл бөлмейді», «Өзін күтпей кеткен», «Толып кетті...», «Қанша ақша берсең де, жетпейді». Осылайша өз күнәсін өзгенің мойнына арта салады. Бір түндік романдарға әуес жігіттердің «Мен тек пәк қызға үйленем» деп күпінетініне таң қаламын. Иә, «Еркектік логика» деген өте қызық ғалым екен. Өзімнің ойларым мен журналист ретінде зерттеген тақырыптарымның тереңін қазір кітабыма жазып жатырмын. Тұңғыш туындымды «Менің ақиқатым» деп атадым. Кітап басылып шыққанша, бос жүрмеңіз. Қазір кітап клубымызда Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романын оқып жатырмыз. Бұл кітап – тұнып тұрған махаббат, сенім, адамгершілік туралы сыр»,- деп жазды ол.