Мөлдір Әуелбекова апатқа ұшырағанын айтты
31 тамыз, 2023
Елорда ақпарат
Әнші Мөлдір Әуелбекова жол апатына ұшырады. Өнер иесі Instagram парақшасында көпшілікті жолда абай болуға шақырды, деп хабарлады Elorda.info.
"Бүгін жол апатына ұшырадық. Соған қарамастан, жұмыста күлімсіреп жүруге тура келеді. Аллаға шүкір, бәріміз аманбыз. Жолда абай болайық", - деп жазды әнші.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әнші тұрмысқа шығатынын айтқан.
Желі қолданушысының бірі Әуелбековадан "Сіз өте әдемісіз. Тұрмысқа шықпайсыз ба?", - деп сұраған. Ал Мөлдір Әуелбекова тұрмысқа шықса, сәукеле киіп, ұзатылатынын айтты. "Тұрмысқа шығамын. Әуелі жақсы адамым жолықсын. Сосын бұйырса, сәукелемді киіп, ұзатыламын", - деп жауап берген болатын әнші.
Мөлдір Әуелбекова екі рет тұрмыс құрған. Бұрынғы некелерінен бір ұл, бір қызы бар.
Ұқсас жаңалықтар
18 қараша, 2024
Әнші Жолбарыс Сейфуллин екінші әйелімен ажырасып кетті
15 қараша, 2024
Мақпал Жүнісова желіде анасына әсерлі жазба арнады
14 қараша, 2024
«Қазақ аруы-2024»: Баян Алагөзова байқау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
14 қараша, 2024
Дариға Бадықова алғашқы фильмін кімге арнап түсіргенін айтты